«Самұрық-Энерго» АҚ 2026 жылдың 10 айындағы сатып алу қызметін қорытындылады

«Самұрық-Энерго» АҚ 2026 жылдың 10 айындағы сатып алу қызметін қорытындылады

«Самұрық-Энерго» АҚ-да еншілес және тәуелді ұйымдардың 2026 жылдың 10 айындағы сатып алу қызметінің қорытындысы бойынша жұмыс кеңесі өтті.
  
Кеңес барысында сатып алудың негізгі көрсеткіштері, оның ішінде жылдық жоспардың орындалуы, отандық тауар өндірушілермен өзара іс-қимыл, елішілік құндылық деңгейі және сатып алу рәсімдерінің тиімділігі қаралды.
 
Қазақстандық өндірушілерді қолдауға, импорт алмастыруды дамытуға және офтейк-келісімшарттар жасасу тәжірибесін кеңейтуге ерекше назар аударылды.
 
«Самұрық-Энерго» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы негізгі өзгерістерді таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау, оның ішінде сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде де, компаниялар тобының барлық басшылары мен қызметкерлері үшін міндетті екенін атап өтті.
 
Кеңес қорытындысы бойынша еншілес және тәуелді ұйымдарға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Сатып алуды жүзеге асыру тәртібін сақтауды қамтамасыз ету, отандық өндірушілерге басымдық беруді күшейту және елішілік құндылық үлесін арттыру бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ сатып алу саласындағы корпоративтік қызметтің негізгі көрсеткіштерінің (ҚНК) орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
 
«Самұрық-Энерго» АҚ сатып алу процестерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, отандық бизнесті қолдау және Қазақстанның энергетика саласындағы тұрақты жеткізу тізбегін дамыту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.