«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Аңсар Айдаров Азия, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі «TotalEnergies» компаниясының аға вице-президенті Нолвенн Делонемен және «Masdar» компаниясының Атқарушы директоры - бизнесті дамыту және жобаларды әзірлеу жөніндегі директоры Абдулла Зайедпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар TotalEnergies Renewables S.A.S. және Abu Dhabi Future Energy Company PJSC (Masdar) компанияларының Азия елдеріндегі жаңартылатын энергетика саласындағы активтер портфелін біріктіретін бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылады. Келісім аясында қатысу үлестері тең болатын және Қазақстандағы жобалық компанияларға иелік ететін бірлескен холдингтік компания құрылады.
Жалпы қуаты 2 ГВт болатын бірлескен жобалардың іске асырылуына ерекше назар аударылды. «TotalEnergies» компаниясымен энергия жинақтау жүйесі 300 МВт/600 МВт•сағ құрайтын қуаты 1 ГВт ЖЭС жобасын іске асыру барысы қаралды. Қазіргі уақытта алаңда жер қазу және жел энергетикалық қондырғылардың іргетастарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы электр энергиясы 2028 жылдың IV тоқсанында өндіріледі, ал станция 2029 жылы толық іске қосылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, «Masdar» компаниясымен қуаты 1 ГВт болатын энергия жинақтау жүйесі бар ЖЭС салу бойынша бірлескен жоба қаралды. Құрылыс 2026 жылдың маусымында басталды, пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді ұстанатынын растап, жобаларды іске асыру бағытындағы бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті екендерін білдірді. Аталған ынтымақтастық жаңартылатын энергетиканы дамытуға және Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.



