«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік орталығында 2020-2022 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жасалды. Құжатқа «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов пен «Самұрық-Энерго» Жергілікті кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас қол қойды.
Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен компания жұмыскерлерінің алдағы үш жыл ішіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейді.
Компания жұмыскерлерінің өкілі – кәсіподақ лидері Оразбек Бекбастың айтуынша, 2020-2022 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың редакциясына Келісу комиссиясының жұмысын, оның функционалдық міндеттері мен мүмкіндіктерін регламенттейтін тармақтар қосылды. Одан тыс, жұмыскерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленетін айлық жәрдемақының мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
«Келісу комиссиясы даулы жағдайда құрылады – егер жұмыскер жұмыс берушінің іс-қимылымен келіспейтін болса, онда ол Келісу қомиссиясына өтініш береді. Оған тепе-тең негізде жұмыс берушінің және жұмыскерлердің – кәсіподақтың өкілдері кіреді. Мәселен, енді Келісу комиссиясының шешімімен жұмыс беруші немесе жұмыскер келіспейтін болса, онда тараптардың бірі сот органдарына жүгіне алады», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» Жергілікті кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас.
Ұжымдық шарт «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 212 жұмыскерінің мүддесін қозғайды. Атап өтейік, бұл құжат елдегі ең үздіктердің бірі болып табылады – 2015 жылы ол республикалық «Парыз» конкурсының жеңімпаздары қатарына енді.