Самұрық-Энерго» АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасының біріктірілген жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі жобасының екінші кезеңі бастау алды.
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға «Самұрық-Энерго» АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасының біріктірілген жоспарлау жүйесі (БЖЖ) енгізілуде. Бастапқы кеңесте БЖЖ-ны енгізу жөніндегі жобаның жетекшісі Руслан Құсайынов жобалық команданы таныстырып, мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Сарапшылардың есептеуінше, Екібастұз ГРЭС-2-де жобаны іске асырудан күтілетін пайда шамамен 1 млрд теңгені құрайды.
«Біріктірілген жоспарлау жүйесі» жобасы 2017 жылдан бастап іске асырыла бастады, өйткенііске асырудың алғашқы сатысы сол кезден басталды. Бұл құрал бізге операциялық холдинг мәртебесіне жақындауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті жобаның демеушісі, «Самұрық-Энерго» АҚ активтерді өндіру және басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаев.
БЖЖ орта мерзімді кезеңге мақсаттар қоюға және өндірістік, технологиялық, экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін теңгеру есебінен компанияны дамытудың оңтайлы сценарийін іздеуге мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе «Самұрық-Энерго» АҚ-ның екі ЕТҰ-сында – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Мойнақ ГЭС» АҚ-ға сәтті енгізілді. Аталған жоба электр станцияларындағы өндірістік шығындарды жоспарлау тәсілін өзгертті, бұл шығындардың 2% - ға төмендеуіне алып келді, ал сатудан түскен таза пайда шамамен 8 млрд теңгені құрады.