Электр станциялары мен көмір кеніші штаттық режимде жұмыс істеуде

Электр станциялары мен көмір кеніші штаттық режимде жұмыс істеуде

 

«Самұрық-Энерго» қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингінің электр энергиясын және көмір өндіретін барлық стратегиялық ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеуде. Төтенше жағдай кезеңінде кәсіпорын жұмыскерлері коронавирус инфекциясының тарқалуына жол бермеудің шараларын қолға алуда.  

Ағымдағы жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша холдингтің компаниялары айдың басынан бері 1 633 561 мың кВтсағ. электр энергиясын өндірді, бұл жоспардың  108 %-тін құрайды. Жыл басынан бері станциялар жоспарланған 7 704 667 мың кВтсағаттың орнына 7 651 506 мың кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл жоспардың  99 %-і .  

Жұмыскерлер ауырмауының алдын алу мақсатында, «Самұрық-Энерго» АҚ-да және оның құрамына кіретін электр энергетикалық компанияларында Жедел әрекет ету штабтары құрылып, Коронавирус инфекциясы тарқалуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бұл іс-шаралар аясында станцияларда тұтас шаралар кешені іске асырылуда, солардың қатарында – персоналды тасуға арналған көлік құралдарын санитарлық тазалау, сондай-ақ жұмысқа арналған және тұрмыстық үй-жайларды таза ұстау, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың барлығын тоқтату,  жұмыскерлердің барлығын күшейтілген медициналық тексеруден өткізу, медициналық бетперделер, тепловизорлар, қашықтан өлшейтін инфрақызыл термометрлер және т.б. сатып алу.  Кәсіпорындардың барлық цехтары мен бөлімшелеріндегі ақпараттық тақтайшаларда коронавирусты жұқтырмаудың алдын алу туралы ақпарат орналастырылды.

 

Станциялардың жұмысы туралы ақпарат:

Бұл күндері Екібастұз ГРЭС-1 6 блоктік режимде жұмыс істеуде (бір блок жоспарланған жөндеуде тұр). 1-тоқсанның  қорытындысы бойынша өндіру жоспары   15 %-ке артық орындалады деп күтілуде (жоспарланған 5092,5 млрд. кВтсағаттың орнына іс жүзінде шамамен 5966 млрд. кВтсағат). ГРЭС-1-ден Өзбекстанға экспортталған электр энергиясы жыл басынан бері 434,5 млн. кВтсағатты құрады.

Екібастұз ГРЭС-2 бір блоктік режимде жұмыс істеп тұр, алайда наурыздың соңынан бастап екінші энергия блогін іске қосу жоспарланған.

«АлЭС» АҚ-ның станциялары да электр энергиясын жоспарлық көрсеткіштен асыра өндірді (наурызда – 4 %-ке, жыл басынан бері – 1 %-ке).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның су станциялары – Мойнақ СЭС және Шардара СЭС-інің жыл басынан электр энергиясын өндіруі жоспар деңгейінде. Шардара СЭС-інде төрт жаңа су агрегатының бәрі де іске қосылғаннан кейін, белгіленген қуаттылығы наурыз айында 26 %-ке артып, 126 МВтты құрады.

Жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істеп, энергия өндіретін компаниялардың көрсеткіштері де жақсы. ЖЭС-тер наурыз айында электр энергиясын жоспардан 65%, КЭС-тер 35 % асыра өндірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің көмір кеніштерінен наурызда жоспардағы 2 144  млн. тоннаның орнына  2 398 млн. тонна көмір тиелді.  Жыл басынан бері көмір тиеу 10,3 млрд. тоннадан асып түсті.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: 8 (7172) 55-30-62; 55-30-66 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.