Қазақстанның электр станциялары 2020 жылғы қаңтар-ақпанда 19 868,4 млн. кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл 2019 жылғы осындай кезеңге қарағанда 5,3%-ке артық. Өндірудің ұлғаюы Қазақстанның Бірыңғай Энергетикалық Жүйесінің (БЭЖ) барлық зоналарында байқалды.
Еліміздің аса ірі электр энергетикалық холдингі – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сайтында орналастырылған, Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-ақпан аралығындағы электр энергиясы мен көмірінің нарығына жасалған талдауға сай, генерациямен байланыстырылған электр энергиясын өндіру 9 млрд. кВтсағатты құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен барабар. Сонымен бірге, 2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда байланыстырылған генерацияның үлесі кіші-гірім өсіп, ҚР-да электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 48%-тін құрады.
Бұл орайда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіретін ұйымдары 2020 жылғы қаңтар-ақпанда өндірген электр энергиясының көлемі 6 030,6 млн. кВтсағатты құрады немесе 2019 жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 11,5%-ке ұлғайған.
Жүйелік оператордың деректерінше, өткен жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 2020 жылғы қаңтар-ақпанда республиканың электр энергиясын пайдалану динамикасында өсім байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік, батыс және оңтүстік зоналарында тұтыну 3%-ке өскен.
ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің ақпаратынша, 2020 жылғы қаңтар-ақпан кезеңінде Қазақстанда 18,6 млн. тонна тас көмір өндірілген, бұл 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 4%-ке аз (19,4 млн. тонна).«Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАЛ» БК тең негізде басқаратын, көмір өндіруші «Богатырь Көмір» ЖШС осы кезең ішінде 8 032 мың тонна көмір өндірді, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 5,5%-ке аз. Жыл басынан бері екі ай ішінде 7 976 мың тонна көмір сатылды, соның ішінде: ҚР-ның ішкі нарығына 6 377 мың тонна және экспортқа (РФ) – 1 599 млн. тонна.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандары (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-ақпанда өндірген электр энергиясының көлемі 56,2 млн. кВтсағатты немесе ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 15,3%-ін құрады, бұл 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ке жоғары. Компанияның 2020 жылғы қаңтар-ақпанда «таза» электр энергиясын өндірудегі үлесі (КЭС, ЖЭС, шағын және ірі СЭС-тер) 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 1,1%-ке ұлғайды (450,5 млн. кВтсағат).
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.
_____________________________________________________________
«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі
Тел: (7172) 55-30-62;
Электроэнергетические компании холдинга «Самрук-Энерго» продолжают свою работу в штатном режиме, при этом соблюдая все санитарные нормы в условиях ЧП. Электроэнергетические компании холдинга «Самрук-Энерго» продолжают свою работу в штатном режиме, при этом соблюдая все санитарные нормы в условиях ЧП.
На видео: обработка помещений на одном из предприятий Алматинского энергокомплека - АО «Алатау Жарык Компаниясы». Отметим, что на данный момент в компании работает только тот производственный персонал, который необходим для обеспечения беспрерывной подачи электроэнергии.
Акционерное общество «Алатау Жарык Компаниясы» - одна из крупных региональных электросетевых компаний на юге республики по передаче и распределению электрической энергии для населения, промышленных и сельскохозяйственных предприятий в зоне своей деятельности - городе Алматы и Алматинской области. Радиус обслуживания компании территориально простирается от берегов озера Балхаш до границ с Китаем.