«Самұрық-Энерго» АҚ электрэнергетикалық холдингінің компаниясы – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС коронавирус індеті кезеңінде штаттық режимде жұмыс істеуде. «Самұрық-Энерго» АҚ электрэнергетикалық холдингінің компаниясы – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС коронавирус індеті кезеңінде штаттық режимде жұмыс істеуде.
Төтенше жағдай орын алған тұста коронавирус инфекциясы тарқалуына жол бермеудің барлық шаралары қолға алынуда. Іс-шаралар аясында станцияда кешенді амалдар іске асырылды, солардың қатарында: - өндірістік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды залалсыздандыру; - қызметкерлерді жұмыс орындарына келген кезде профилактикалық қараудан өткізудің және температурасын өлшеудің кестесі жасалды; - медициналық бетперделер мен залалсыздандырғыш құралдар сатып алынды, жұмыскерлерге ақпарат жеткізу үшін ақпараттық стендтер мен электрондық почтада індет жұқтырудың белгілері мен қажетті алдын-алу шаралары туралы ескертпелер орналастырылды;70 жұмыскер үшін жұмыс режимі қашықтан істейтінге өзгертілді, 126 жұмыскер еңбек демалысына шықты, басқарушы және инженерлік-техникалық персоналдың жұмыс істеу кестесі әзірленіп, бекітілді, басқа қалаларда оқу үшін іссапарларға шығудың күші жойылды; Жұмысқа қабылдау және оқу орындарының шәкірттерін өндірістік тәжірибеден өткізу тоқтатылды.