ЕГРЭС- 2 қызметкері бетперделер тігіп, адамдарға таратуда

ЕГРЭС- 2 қызметкері бетперделер тігіп, адамдарға таратуда

 

whatsapp image 2020 04 06 at 16.01.34

Карантин кезінде немен айналысатынын  әркім өзі шешеді. Екібастұз қаласының тұрғыны Салтанат Құсайынова бетперделер тігіп, адамдарға таратып беруде.Карантин кезінде немен айналысатынын  әркім өзі шешеді. Екібастұз қаласының тұрғыны Салтанат Құсайынова бетперделер тігіп, адамдарға таратып беруде.

Салтанат Қажымұратқызы Екібастұз ГРЭС-2 кәсіпорнында Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істейді және осындай бір қиын-қыстау кезеңде өз жерлестерін қолдауға қосатын үлесін дәл осындай деп біледі. 

Алғашқы 100 бетпердені тігіп, таратып болғаннан кейін, ол келесі партияны дайындауға кіріседі. 
Салтанат Қажымұратқызы төтенше жағдай кезінде бетперделерді тігіп, сатуды ұйымдастырып жүрген кәсіпкерлерге қарсы емес, алайда олардың бағасы бір бөлке нанның бағасынан аспауы тиіс, бұл күндері аса қажетті заттарға адамдардың қолы тегіс жетуі тиіс деп есептейді.