Қазақстанның ең ірі электр станциясы 2020 жылғы I-тоқсанды қорытындылады

Қазақстанның ең ірі электр станциясы 2020 жылғы I-тоқсанды қорытындылады

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 5,7 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіріп, 2020 жылғы 1-тоқсанды аяқтады. Бұл орайда, ақпан айында еліміздің аса ірі жылу электр станциясындағы 7 энергия блогінің жұмысы үшін рекордтық жүктеме – 3481 МВт тіркелді. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1986 жылғы ақпанда байқалған болатын. Ең жоғарғы нүкте ол кезде 3095 МВт-қа жетті, алайда 8 энергия блогі жұмыс істеп тұрған еді. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 5,7 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіріп, 2020 жылғы 1-тоқсанды аяқтады.

Бұл орайда, ақпан айында еліміздің аса ірі жылу электр станциясындағы 7 энергия блогінің жұмысы үшін рекордтық жүктеме – 3481 МВт тіркелді. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1986 жылғы ақпанда байқалған болатын. Ең жоғарғы нүкте ол кезде 3095 МВт-қа жетті, алайда 8 энергия блогі жұмыс істеп тұрған еді. ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының Қазақстан нарығындағы үлесі 19,4%-ті құрады. 2019 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда электр энергиясының үлесі 5,1%-ке артты. 

Электр энергиясын Қазақстан нарығына сату 2019 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 31,3%-ке артып, 5,5 млрд кВтсағатты құрады. Өзбекстан Республикасының нарығына 455 млн кВтсағат электр энергиясы сатылды.
Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылымындағы Екібастұз ГРЭС-1 республика энергетикасының көшбасшысы болып табылады. Мәселен, өткен жылдың өзінде ғана электр станциясы 18,3 млрд кВтсағ.электр энергиясын өндірді, бұл еліміз бойынша өндірілген электр энергиясының жалпы үлесінің 17,3%-ін құрайды. 

Орташа блоктік жүктемесі 455 мегаватты құрайтын жеті энергия блогі жұмыс істеп тұрған кезде, станция күзгі-қысқы маусымға толық дайын екенін көрсетті. Өзінің тұтынушыларын электрмен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында станцияда кешенді іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2019 жылы 3 энергия блогында ағымдағы және кеңейтілген жөндеу жұмыстары, ал екі энергия блогында (№3 және №5) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде бірінші энергия блогын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, басқа блоктар секілді ол да жаңа үлгідегі, тиімділігі жоғары, күл ұстап қалу деңгейі 99,6 процент болатын электрсүзгілермен жабдықталады. 

Кәсіпорынның жұмыс қуаттылығын арттыру Қазақстан Республикасы үшін қажет, өйткені ол елімізде электр энергиясының тапшылығы туындау қаупін төмендетеді және ҚР ұлттық экономикасының өсуіне септігін тигізеді. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуірінде Екібастұз ГРЭС-1 өзінің мерейтойын атап өтті. Станцияға 40 жыл толды. Бүгінгі таңда станция 1400-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Өндіріс қуаттылығын арттырумен қатар, ЕГРЭС-1 Екібастұз қаласының әлеуметтік жобаларына демеушілік көмек көрсетіп, қоғамдық қайырымдылық қорларына, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қолдау білдіріп, өңірдің әлеуметтік тыныс-тіршілігіне белсене қатысады.  «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – белгіленген қуаттылығы 4000 МВт және қолдағы бар қуаттылығы 3500 Мвт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр станциясы. ЕГРЭС-1 станциясының жалғз акционері – «Самұрық-Энерго» АҚ. Станцияда өндірілген электр энергиясының басым бөлігі Қазақстанның энергетика нарығында таратылады. «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған.

Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

______________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі  

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.