ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды.
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компанияда өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Халықаралық капитал нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау-Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы» және т. б. бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021-2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Мақаланың түпнұсқасы: Pm.kz