Елімізде төтенше жағдайды енгізу Республиканың жылу-электр станцияларындағы жылумен қамтамасыз ету науқанының аяқталуымен және жөндеу жұмыстарының басталуымен тұспа-тұс келді. Энергетиктердің жоғары кәсіби шеберлігі, қажыр-қайраты мен өзара көмекке қабілеті арқасында қалалар мен елді мекендердегі халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің стратегиялық нысандарында апатты жағдайлар мен тоқтап қалудың бірден-бір оқиғасына жол берілмеді. Бүгінгі фильм осы жылғы көктемнің елеусіз батырлары – энергетиктерге арналады.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.
_____________________________________________________________
«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі
Тел: (7172) 55-30-62;