Трансформациялау бағдарламасы жобасының мақсаты - өндірістегі жарақаттану көрсеткішін 30%-ға азайту.
6 мыңнан астам адам жұмыс істейтін «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС), «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) және «Samruk Green Energy» ЖШС (SGE) «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының кешенді қауіпсіздігін басқарудың жаңа моделін ендіру жобасының үшінші толқынының периметріне кірді. Жаңа тәсілдер қауіпсіздік мәдениетін көтеруге және оқыс оқиғаларды болдырмау арқылы жұмыс орындарындағы жарақаттануды азайтуға бағытталған.
«Кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасын іске асыруды бастау туралы «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ энергетикалық холдингінің еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне жауап беретін топ-менеджерлері мен желілік басшыларының қатысуымен өткен старттық онлайн-отырыста жарияланды.
«Мен еңбек қауіпсіздігі мәселелерінің басымдығын атап өткім келеді. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің ерекше бақылауында. «Самұрық-Энерго» АҚ жобасының демеушісі сонымен қатар бірінші басшы - Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов », - деді Жобаның тең демеушісі, Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор Еділ Көпенов.
Жоба электр станцияларының қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін сақтауға деген көзқарасты өзгертуге, сана деңгейін көтеруге және ескірген көзқарастарды өзгертуге көмектесетін жаңа стандарттар мен практикалық құралдарды енгізуді қамтиды.
Тәжірибе көрсеткендей, тәуекелдердің алдын алу бойынша жұмыс өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 6 жазатайым оқиға тіркелді. Егер 2019 жылдың дәл осы кезеңінде кәсіпорындарда 7 қайғылы оқиға орын алған болса, оның 1-еуі өлімге әкеліп соқтырған жағдай еді. 2019 жылдан бастап оқиғаларды тіркеудің ашық жүйесі енгізілді, оның аясында жарақаттануға әкеп соқпаған ықтимал қауіпті оқиғалар тіркеліп, тексерілуде. Сонымен қатар жазатайым оқиғаларды жасырғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, ал ықтимал қауіпті жағдайларды хабарлағаны үшін ақшалай ынталандыру қарастырылды. 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 16 ықтимал қауіпті оқиға тіркеліп, тексерілді. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 23 оқиға тіркелді.
2020 жылдың І жартыжылдығындағы оқиғалар
2019 жылдың І жартыжылдығы
2020 жылдың І жартыжылдығы
Оқиғалар Жазатайым оқиғалар Өлімге әкеп соқтырған жағдайлар
Жоба жетекшісі, «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің директоры Төлеген Максиловтің айтуынша, жоба жүзеге асырылғаннан кейінгі үш жылдың ішінде кәсіпорындардағы жарақаттану деңгейін 30 %-ға азайту жоспарланып отыр.
«Өндірістегі ықтимал қауіп-қатерлерге сапалы талдау жасау қажет. Жұмыста бюрократиялық көзқарас болмауы керек. Есеп берудің ашық жүйесін енгізу, өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне белсенді көзқарас – жобаны іске асырудағы маңызды міндеттер», - деді Төлеген Максилов.
2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығында, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да, «Мойнақ ГЭС» АҚ-да, «Шардара ГЭС» АҚ-да кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу бойынша жобаның бірінші толқыны аяқталды. 2020 жылдың соңына дейін бұл жобаның екінші кезеңі «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да жүзеге асырылады.