Қапшағай СЭС-іне 50 жыл

Қапшағай СЭС-іне 50 жыл

Қапшағай СЭС-і мерейтойын атап өтуде

Қапшағай су электр станциясы биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. Еліміздің энергетикалық жүйесіндегі маңызды бұл нысан өз жұмысын 1970 жылы бірінші гидро агрегаты қозғалысқа келтіріліп, желіге қосылғаннан кейін бастады.

Жобалық қуаты 434 МВтты құрайтын СЭС пайдалануға тапсырылғаннан бері тұтынушылар қажеті үшін шамамен 53,756 млрд.кВт/сағат, яғни орташа есеппен жылына      1,1 млн. кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Ал су аса мол болған 2010 жылы станция 1,78 млрд. кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Осы жылдар ішінде СЭС турбиналары арқылы 673 текше километрден астам су өткізілген, яғни жылына орташа есеппен 13,5 текше километр.

Іле өзенінде су станциясын салу идеясын алғаш рет, 1942 жылы, қазақстандық танымал ғалым-энергетик, Республика Ғылым академиясының президенті, академик Ш.Шокин өзінің «Іле бойындағы Қапшағай СЭС-інің техникалық-экономикалық көрсеткіштері» атты кітабында негіздеп берді. Қапшағай СЭС-інің жобасын С.Я.Жук атындағы «Гидропроект» Бүкілодақтық жобалау-зерттеу институтының Қазақ филиалы 1959 жылы жасап, ол жоба 1961-1964 жылдары қайта пысықталды. 1965 жылы болашақ нысанның дирекциясы құрылып, сол жыл СЭС құрылысының басталуы деп саналады.

1970 жылдың желтоқсанында станцияның екінші гидроагрегаты желіге қосылды. Тура бір жылдан кейін, 1971 жылдың қысында, соңғы, төртінші гидроагрегат істей бастады. СЭС-тің бөгеті аумағы 1847 км² келетін ірі Қапшағай су қоймасын құрайды. 1980 жылы Қапшағай СЭС-індегі құрылыс жұмыстарының аяқталуы Алматы мен Алматы облысының энергетика кешені өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. 2007 жылғы ақпаннан бастап станция бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ электрэнергетикалық холдингке қарасты «Алматы Электр станциялары» АҚ-ның құрамында.

Соңғы 12 жыл ішінде жабдықтың сенімділігі мен апатсыз жұмыс істеуін жақсарту мақсатында СЭС-те ауқымды жаңғырту жүргізілді. Атап өту қажет, бұл кәсіпорында энергетиктердің бірнеше буыны кәсіби шыңдалды. Бүгінде Қапшағай СЭС-інде өз ісіне берілген, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Энергетиктердің қазіргі буыны станцияны ұқыпты пайдаланып, мамандардың келесі буынына тиімді, сенімді, іскер станцияны тапсыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.