«Самұрық-Энерго» электр қуатын сатуға қатысты.

«Самұрық-Энерго» электр қуатын сатуға қатысты.

ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын жалғап тұрған электр жеткізу желілерінің өткізу мүмкіндігін ескере отырып, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті. Сауда-саттық Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы – «ЭҚНҚО»    АҚ-тың алаңында өтті.

ҚР БЭЖ-інің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарына тиесілі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 5178,91 МВтты құрады. Электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша ұсынылған қызметтің жиынтық көлемі – 5875 МВт.

Алдын-ала жасалған есептеулер бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-тың электр станциялары сауда-саттықта 2768 МВт электр қуатын сатқан, соның ішінде: «Алматы электр станциялары» АҚ – 490 МВт, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – 625 МВт, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 1653 МВт.

Электр қуатын сату нәтижелері «Самұрық-Энерго» АҚ-тың энергетикалық жабдығының 2021 жылы тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.