«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясы мен көмір өндірудің  2020 жылғы жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясы мен көмір өндірудің 2020 жылғы жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы екібастұздық ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станциялар а.ж. 24 желтоқсанда электр энергиясын өндірудің           2020 жылғы жоспарын мерзімінен бұрын орындағанын мәлімдеді. Жедел деректер бойынша, жылдық жоспарда белгіленген 30 413 995 мың кВтсағаттың орнына жалпы өндіру көлемі 30 531 153 мың квтсағатты құрады, яғни 100,4 %.

Энергетиктердің кәсібилігі мен станцияларда орнатылған жабдықтың сенімді жұмыс істеуі сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанға 1 050 млн кВтс электр энергиясын жеткізуге, соның ішінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында вегетациялық суаруды қамтамасыз ету мақсатында қырғызстандық су қоймаларынан қосымша су жіберілуі үшін Қырғызстанмен тауар алмасу аясында жаз айларында  300 млн кВтс электр энергиясын жеткізуге мүмкіндік берді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіруші ұйымдарының барлығы дерлік өздерінің жылдық міндеттемелерін орындап шықты. Кесте бойынша жұмыс істей отырып, «АлЭС» АҚ жылдық жоспарын 31 желтоқсанда орындауды көздеп отыр. «Шардара СЭС» АҚ-да биыл негізгі және қосалқы жабдықты жаңғырту бойынша ауқымды жоба іске асырылып, нәтижесінде СЭС-тің белгіленген қуаттылығы 100-ден 126 МВт-қа дейін ұлғайтылды. Су қоймасының алдағы маусымда толуына және генерациясы ұлғаюына орай, қаңтар-ақпан айларында СЭС өзінің жобалық қуаттылығына толығымен шығады деп күтілуде.

«Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқаратын компания – «Богатырь Көмір» ЖШС-нің кеншілері де көмір өндіру кестесінің алдында жүріп, жылды аяқтап келеді. 28 желтоқсандағы дерек бойынша, жылдық жоспарда көрсетілген  41 700 мың тоннаның орнына мұнда  42 452,4 мың тонна көмір өндірілген, яғни 102%.  

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қазақстанда жалпы өндірілген электр энергиясынан алатын үлесі 28,7% деп бағалануда (былтыр – 30 200 млн кВтс немесе 28,5%). 2019 жылы компания өндірген көмірдің көлемі 44,8 млн тоннаны құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.