Алматы қаласы мен Алматы өңірінің жылыту жүйесі үшін өткен жылыту маусымында 5 млн Гкал жылу энергиясы өндірілді.
2020-2021 жылыту маусымы Алматы қаласы әкімдігінің №2/219 қаулысына және Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің №136 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 13 сәуірде аяқталды. Ауа-райының жылылығы тұрақтала басталуына байланысты жылу беру тоқтатылады.
- Жалпы жылыту маусымы сәтті өтті, бұған қала мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету дәлел,-деп атап өтті Самұрық-Энерго электр энергетикалық холдингінің Алматы энергия кешеніне кіретін "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.
- Осы аталған кезеңде "Алматы электр станциялары" АҚ тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындай отырып, 3,3 млрд кВ*сағ электр энергиясын және 5 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. 20-ға жуық қазандық агрегаттары мен 13 бу турбинасы қалыпты жұмысын көрсетті. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан (компанияда КҚК кезеңінде COVID-19 вирусынан 53 қызметкер ауырды) өткен жылыту маусымында электр энергиясын беруде іркілістер болған жоқ, тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес жылу энергиясы толық көлемде жіберілді.
"АлЭС" АҚ энергия көздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеуден өткізу науқанын бастайды.
"Алматы электр станциялары" АҚ Алматы қаласы мен Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылады және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағы жылуының 76% - ын және электр энергиясының 60% - ын қамтамасыз етеді. "АлЭС "АҚ құрамына: Б.Оразбаев атындағы ЖЭО-1, Ә. Жақұтов атындағы ЖЭО-2, ЖЭО-3, Батыс жылу кешені, Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, "Энергожөндеу " өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ШҚОҚ кіреді.
Анықтама: жыл сайын жылыту маусымы, егер жылу орталықтандырылған жүйе арқылы берілсе, бес күн қатарынан Цельсий шкаласы бойынша орташа тәуліктік температура +8 градустан төмен болған кезде басталады. Жылыту кезеңі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы осы белгіден жоғары болған кезде аяқталады. Жылыту маусымының мерзімін Алматы қаласының және Алматы өңірі бойынша Іле ауданының әкімдігі бекітеді.