Елімізде күн сайын COVID-19 жұқтырғандар саны артып келеді, соңғы екі айда қайтыс болғандар саны бір жарым есе өсті. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистика. Өкінішке орай, қазіргі уақытта КВИ-ге қарсы тұрудың жалғыз және тиімді әдісі – вакцинация болып отыр, әрі бұл шараға үлкен үміт артылып отыр.
«Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті және Қоршаған ортаны қорғау" департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен келісе отырып, Компания кеңсесінде орталықтандырылған вакцинациялау ұйымдастырды. Вакцина қабылдауға 30 өтініш келіп түссе де, жұмыс жағдайларына, сондай-ақ COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдерге байланысты 16 адам вакцина қабылдай алмады. Осылайша, бірінші күні 14 адам вакцинаны салдырды, олар 21 күннен кейін жоспарлы түрде екінші кезеңнен өтпек. Сонымен қатар, вакцина салдыруға күмәнданып, ойланып жүрген қызметкерлер де егу пунктіне келіп, бұл процесті көздерімен көріп, медицина қызметкерлерімен жеке сөйлесу мүмкіндігіне ие болды. Егу процесі басталмас бұрын қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың қорқыныштарын сейілткен №13 қалалық емхана дәрігерлеріне зор алғысымызды білдіреміз,
Вакцинация қазіргі уақытта Қазақстанда қолжетімді болып отырған ресейлік «СПУТНИК-V» және қазақстандық «QazVac» препараттарын пайдалану арқылы ерікті негізде жүргізілді.