Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2021 жылғы 19 наурыздағы тапсырмасының талаптарын орындау үшін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобымен Қоғамның ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша іс-шаралар, оның ішінде:
1) персоналды басқару;
2) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
3) корпоративтік басқару;
5) мүдделер қақтығысын реттеу;
6) өзге де бизнес-процестер мәселелері бойынша өткізілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ тобында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жұмыс тобы анықтама дайындады, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері мен жағдайларын жою жөніндегі шаралар көрсетілген, сондай-ақ белгіленген тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі жұмыс жоспары дайындалды.