«Самұрық-Энерго» АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасы аясында қызметкерлерді ұйым қызметін тұрақты түрде жақсарту жұмыстарына атсалысуға шақырады. Осы орайда, қызметкерлер тарапынан ең тиімді деп табылған идеялар мен ұсыныстар үшін сыйақы көзделетін болады.
«Тұрақты жақсартулар процесін жетілдіру» іс-шарасын жүзеге асыру нәтижесінде қызметкерлерге Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар бойынша өтінім берудің бірыңғай алгоритмі ұсынылады. Холдинг периметрінде іске асырылатын, әрі экономикалық тиімділігі және сапалы пайдасы бар идеялар үшін бастамашыға ақшалай төлем көзделіп отыр.
Бұл іс-шара «ЕГРЭС-1» ЖШС, «СЭГРЭС-2» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Шардара ГЭС» АҚ сияқты еншілес компанияларды қамтиды.
Жобалар командасы тарапынан идеяларды басқарудың бірыңғай процесі әзірленді, және де соның негізінде – «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің идеялары және ұсыныстарымен жұмыс істеу жөніндегі қағидалар" ішкі нормативтік құжат дайындалды. Бірыңғай тәсіл әрбір ұсынысты беру және қарау, одан әрі енгізу процестерін жүйелейді. Сонымен қатар, ең үздік идея авторларының сыйақыларын есептеу әдістемесі де қарастырылады.
Тамыздың басынан бастап компания қызметкерлері аталған шара аясында процесс бойынша оқытуға қатыса алады. Бұл қызметкерлердің өз ұсынысын өтінім беру ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға және қосымша табыс табуға септігін тигізеді.