Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы мен Басқарма мүшелерінің қатысуымен «Ұйымда денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басшының рөлі» тақырыбында ақпараттық сессия өткізілді.
Сессия өткізудегі мақсат қауіпсіздік мәдениетін дамыту арқылы өндірістік жарақаттарды мүлде болдыртпауға ұйым басшыларының ықыласын аудару, сол іске жұмылдыру болып табылады.
Компания басшыларының өз қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Басқарма төрағасы С.К. Есімханов қорытынды сөзінде өткізіліп отырған іс-шараның маңыздылығын, және де ҚжЕҚ саласындағы ережелерді бірінші кезекте компания басшыларының сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.