Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг  «Самұрық-Энерго» дебюттік жасыл облигацияларын шығарды

Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг «Самұрық-Энерго» дебюттік жасыл облигацияларын шығарды

«Самұрық-Энерго» АҚ Жасыл қаржы орталығының көмегімен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қор биржасының - Astana International Exchange сауда жүйесінде жылдық 11,4% купондық мөлшерлемесімен 6,5 жыл мерзіміндегі жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруға шығарды.

Орналастырудан түскен қаражат Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) жасыл облигациялар қағидаттарына (GBP) сәйкес тиімді жасыл жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.

Компанияның жасыл облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі Лид-менеджері болып «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  еншілес ұйымы  - «Halyk Finance» АҚ белгіленді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов Компанияның жаңа даму стратегиясында көзделген жасыл энергияға қатысты жоспарларды іске асыруда жасыл энергетикаға инвестициялаудың зор маңызын алға тартады.

«Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдаланудың 4-ші энергетикалық көшу кезеңіне аяқ басты, табиғи қуат көздері уақыт өте келе қазбалы отын түрлерін — мұнай мен көмірді ығыстырып шығарады. Осыған байланысты «жасыл экономикаға» көшудің жаһандық трендтері, стейкхолдерлердің ESG-талаптары Самұрық-Энерго үшін жаңа сын-тегеуріндерге айналып отыр. Осындай кезеңде Компания өзінің Даму стратегиясында «жасыл» экономикаға көшу бағытын белгілеп, оған қол жеткізуде нық қадамдар жасауда. Біз Жасыл қаржы орталығына, «Halyk Finance» және АХҚО қор биржасына үйлесімді жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов.

Жасыл облигациялардың дебюттік шығарылымы Жасыл қаржы орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр, орталық қажетті консультациялық қолдау көрсетіп, Екінші пікір форматында (Second Party Opinion) тәуелсіз қорытынды берді.

«Біз «Самұрық-Энерго» АҚ сынды ел экономикасы үшін маңызы зор ірі компаниялардың  «жасыл рельстер» жолына түсуіне өте қуаныштымыз, жүргізіліп жатқан осындай игі шаралар біздің жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты тұрақты дамудың қаржылық құралдарын енгізумен айналысатын даму институты ретіндегі жұмысымыздың басты көрсеткіші болып табылады», – деп атап өтті Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев.

Қоғам облигациялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы Эмитент болған және АХҚО биржасының жасыл қағидаттарына сәйкес шығарылған алғашқы бағалы қағаздар болды. Қоғам үшін экологиялық және әлеуметтік пайдасы бар инвестициялық жобаларды қолдау АХҚО-ны дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ірі электр энергетикалық холдингтің АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруы Қазақстандағы ESG инвестициялаудың дамуына, сондай-ақ экономиканың «қоңыр» секторларындағы компанияларды іске қосуға жаңа серпін беретін маңызды оқиға болып табылады.

СЭС Капшагай

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.  

АХҚО. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО  міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта қалыптастыру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

«AIFC Green Finance Centre Ltd.» жеке компаниясы» - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы бойынша құрылған компания, Қазақстанда және Орталық Азияда «жасыл» қаржы құралдарын енгізу, АХҚО-ны «жасыл» қаржы орталығы ретінде дамыту, сондай-ақ Қазақстанға жасыл инвестициялар тарту мақсатында құрылған. Компания туралы толық ақпарат ұйымның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған www.gfc.aifc.kz.