«Самұрық Энерго» қазақстандық электр энергетикалық холдингінің Алматы және Екібастұз қалаларындағы энергетикалық кешендері, барлық энергетикалық нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр және одан әрі жұмыс істемей бермек.
Ағымдағы жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында «АлЭС» АҚ электр станциялары (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) жалпы жүктемені шамамен 700 МВт деңгейінде қамтамасыз етіп отыр Отын қоры жылыту маусымын табысты өткізуге және тұтынушыларды қажетті көлемде электр энергиясымен, жылумен, ыстық жэне суық сумен қамтамасыз етуүшін жеткілікті мөлшерде. «Алатау Жарық Комапниясы» АҚ электржелілік шаруашылығы штаттық режимде жұмыс істейді және қызмет көрсетуде.
Екібастұз ГРЭС-1-де осы қазіргі уақытта 2320 МВт жүктемесі бар 5 энергия блогы жұмыс істеуде. Екібастұз ГРЭС-2 920 МВт жүктемесімен екі блокты режимде жұмыс істеуде. Барлық станцияларда лөмір мен мазуттың қажеті резервтері жеткілікті.
Мойнақ СЭС және Шардара СЭС нысандарында электр энергиясын өндіру жоспарлы жүзеге асырылуда.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.