Бүгін, сағат 11:59-да Алматы қаласы мен Алматы энергия торабы осы өңірді біртұтас энергия жүйесінің солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстыратын жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің авариялық ажырауы салдарынан оқшауланған жұмыс істеу режиміне ауысты. Оқиға себептері анықталуда.
Орын алған жайтқа байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ және Мойнақ ГЭС электр станциялары тарапынан жүктеме сақталып отырғанын және қазіргі уақытта Жүйелік оператордың командалары бойынша қуатты ұлғайтып жатқанын хабарлайды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Солтүстік энергия көздері саналатын - Екібастұз ГРЭС нысандары берілген жүктемені еш кедергісіз атқаруда. Екібастұз МАЭС-1-де 6 энергоблок жұмыс істеуде, ағымдағы жүктемесі 2930 МВт, Екібастұз МАЭС-2-де екі энергоблок та жұмыс істеп тұр, жүктемесі 950 МВт.
«Шардара ГЭС» АҚ сыртқы байланыс желілерінің ажырауы салдарынан жүктемені 30 МВт-тан 0 МВт-қа дейін төмендетті.