Айдаров Аңсар Айдарұлы

Айдаров Аңсар Айдарұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялар жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 24 сәуір 1986 жыл

Білімі:

2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылы Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітіріп, құқықтану магистрі дәрежесін иеленген.

2013 жылы Гуманитарлық-техникалық академияны «Экономика және Бизнес» бакалавры бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

10.2009 – 08.2011жж. - «Aiti enterprise» ЖШС, Атқарушы директор

10.2012 – 01.2013 жж. - «Техин Мобил» ЖШС, Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор

02.2013-06.2020 жж. - «Энергия Семиречья» ЖШС, Басқарушы директор, Бас директор

06.2020- 08.2023 жж. - «Самұрық-Энерго» АҚ, Жобалау офисінің басшысы

08.2023 ж.– қазіргі кезге дейін - «Самұрық-Энерго» АҚ, Инвестициялар жөніндегі бас директор

Функционалдық міндеттері:

- Қоғам мен ЕТҰ жобаларына инвестициялық талдаудың жүргізілуіне бақылау жасау;

- «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушылық есептілік жүйесінің инвестициялық витринасының толтырылуына бақылау жасау;

- Қоғам мен ЕТҰ-ның Инвестициялық процесінің әдіснамасы талаптарының орындалуын бақылау;

- Қоғам мен ЕТҰ инвестициялық бағдарламасының орындалуын бақылау;

- Қоғам мен ЕТҰ-ның инвестициялар мәселелері (ЕТҰ инвестициялық бағдарламалары) бойынша қызметінің тиімділігін бақылау;

- Қоғамның мен ЕТҰ жобаларын құрылымдауды, инвестициялық жобаларға бастамашылық жасауды және іске асыруды, жобаны іске асырудың инвестиция алды және инвестициялық кезеңдерін мақұлдау бойынша корпоративтік рәсімдерді жүргізуді қоса алғанда, инвестициялық жобаларды басқаруды үйлестіру және бақылау (Инвестициялық-инновациялық кеңес, Басқарма, Инвестициялық-стратегиялық комитет, Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті, Қоғамның Директорлар кеңесі);

- мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге бақылау жасау;

- жобалардың тиімді, уақтылы және аз шығынмен іске асырылуына бақылау жасау;

- жобаларды құрылымдау мен оның қаржыландырылуын ұйымдастыруды үйлестіру және бақылау (Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директормен бірлесіп);

- инвестиция тарту бойынша инвесторлармен келіссөздерге қатысу;

- контроль исполнения требований законодательства, норм и правил международных финансовых организаций, условий соглашений по проектам, выполняемым с привлечением средств международных финансовых институтов;

- заңнама талаптарының, халықаралық қаржы ұйымдарының нормалары мен қағидаларының, халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарта отырып орындалатын жобалар бойынша келісімдер шарттарының орындалуын бақылау;

- жобалардың Қоғам Стратегиясының инвестициялық саясатының талаптарына сәйкестігін бақылау;

- халықаралық және стратегиялық ынтымақтастықты дамыту мен сүйемелдеуді бақылау;

- инвестициялық жобаларды бағалауға және іске асыруға байланысты көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды орындау кезінде сыртқы консультанттармен өзара іс-қимыл жасау;

- Қоғамның инвестициялық жобаларының портфеліне қосу үшін жобаларды келісу және жобалар бойынша шешімдердің орындалуын бақылау;

- инвестициялық портфель бойынша жиынтық талдау мен басқарушылық есептілікті қамтамасыз ету.