Әутәліпов Ғалымбек Темкешұлы

Әутәліпов Ғалымбек Темкешұлы 

Өндіріс жөніндегі басқарушы директор

Азаматтығы: Қазақстан

Туған күні: 20.10.1977 ж.

Білімі:

1999 ж. - Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты, «Жылу электр станциялары» мамандығы, біліктілігі – жылу энергетигі инженері. 

2005 ж. Павлодар университеті, «Менеджмент» мамандығы (магистратура).

Жұмыс тәжірибесі:

1999-2001 жж. «Богатырь Аксес Комир Теплоэлектроцентраль» ЖШС (Екібастұз ЖЭО) бу қазандығының машинисі, Екібастұз қ., «Екібастұз ЖЭО» ЖШС бу қазандығы цехының аға машинисі, Екібастұз қ.

2001-2005 жж. «АES-Екібастұз» ЖШС Турбина жабдықтары бойынша аралап қараушы машинист, (Екібастұз 1-МАЭС), Екібастұз қ.

2005-2007 жж. «АES-Екібастұз» ЖШС Турбина жөніндегі энергия блогының машинисі (Екібастұз 1-МАЭС), Екібастұз қ.

2007 ж. «Павлодар Энергосервис» АҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің инженері, Павлодар қ.

2007-2008 жж. «Қазақтелеком» АҚ Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясы электрлі қоректендіру құрылғысының электр механигі, Павлодар қ.

2008-2010 жж. «KEGOC» АҚ Ұлттық электр желісін дамыту департаменті перспективті даму бөлімінің жетекші маманы, Астана қ.

2010 -2014 жж. «KEGOC» АҚ Ұлттық электр желісін дамыту департаменті перспективті даму бөлімінің бас маманы, Астана қ., «KEGOC» АҚ Ұлттық электр желісін дамыту департаменті перспективті даму бөлімінің менеджері, Астана қ.

2014-2016 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация» дивизионы Технологиялық даму департаментінің бас менеджері, Астана қ.

2016-2017 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ Жобалау офисінің бас менеджері, Астана қ.

2017-2019 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ «Нарықты дамыту» департаментінің бас менеджері, Астана қ.

2019-2022 жж. «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ Басқарма төрағасының Өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары, Солнечный кенті, Павлодар облысы

2022-2023 жж. «Алматы электр станциялары» АҚ Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры, Алматы қ.

10.02.2023-07.04.2023 ж. «Самрұрық-Қазына» АҚ Мұнай-газ, тау-кен және энергетикалық активтер департаментінің энергетикалық және тау-кен активтері секторының аға менеджері, Астана қ.

10.04.2023 - 12.05. 2023 ж. «Qazaq Green Power» ЖК «Өндіріс және HSE-ні басқару» департаментінің директоры, Астана қ.

2023-2025 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация және Отын» департаментінің директоры, Астана қ.

28.10.2025 – қазіргі кезге дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры.

Функционалдық міндеттері:

ЕТҰ өндірістік-техникалық қызметін басқару және бақылау;

ЕТҰ энергетикалық объектілерін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау; су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру; ЕТҰ энергетикалық объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін отын жеткізуді жоспарлау және ұйымдастыру; ЕТҰ электр энергиясын/көмірін тұтынушылардың берілген жүктемелерінің тәуліктік кестесін орындау бойынша ЕТҰ қызметін үйлестіру және бақылау;

Техникалық саясаттың және Қолданыстағы өндіріс пен күрделі құрылысты жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасын әзірлеу/өзектендіру, келісу, іске асыру және орындалуына мониторинг жүргізу;

ЕТҰ-да өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерін, оның ішінде ЭЭКЕАЖ және ТПБАЖ жобаларын енгізуді қамтамасыз ету;

ЕТҰ қызметін корпоративтік басқару;

Үнемдеуші өндіріс қағидаттарын ендіру;

ЕТҰ қызметін оңтайландыру;

Қоғамның және ЕТҰ-ның Инновациялық-технологиялық стратегиясын әзірлеу, өзектендіру және іске асыру;

Қоғамның Инвестициялық-инновациялық кеңесінің қызметін ұйымдастыру;

Қоғам мен ЕТҰ-ның инновациялық қызметі;

ЕТҰ-да ҒЗТКЖ орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

инновациялық-технологиялық даму мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институттарымен өзара іс-қимыл жасау;

энергия және ресурс үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру;

Қоғамның және ЕТҰ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету (оның ішінде энергия аудиттерін жүргізу, энергия менеджменті жүйесін енгізу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, бағдарламаларды орындау және басқалар);

Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметіне мониторинг жүргізу және бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Қоғам мен ЕТҰ-ның өндірістік қызметі бөлігінде түзету іс-шараларының орындалуын әзірлеу және бақылау;

құрылыстың әлеуметтік объектілері бойынша жұмыстардың орындалуын іске асыру және бақылау, сондай-ақ Қоғамның әлеуметтік объектілері мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау;

жетекшілік ететін бағыттар бойынша Қоғамның қызметіне байланысты Үкіметтік стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру.