
Балтабаев Асқар Қуатбайұлы
«Самұрық-Энерго» АҚ Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі
Азаматтығы: Қазақстан Рспубликасы
Туған жылы: 16 қыркүйек 1979 жыл
Білімі:
2001 жылы ҚР ІІМ академиясын «Заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген
2014 жылы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген, бакалавр, экономист
Жұмыс тәжірибесі:
08.2001ж. – 05.2012ж. – Ішкі істер және қаржы полициясы органдарының тергеу және жедел бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
12.2012ж. – 01.2018ж. - «Самұрық-Энерго» АҚ «Сатып алу» департаментінің бас менеджері, «Сатып алу» департаментінің директоры, Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры
01.2018ж. – 07.2023ж. - Жеке құрылыс және өндірістік компанияларда басшылық қызметтер атқарды.
07.2023ж. – қазіргі кезге дейін - «Самұрық-Энерго» АҚ Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры
Функционалдық міндеттері:
- Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруын қамтамасыз ету және бақылау;
- сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуды қамтамасыз ету және бақылау;
- Қоғам мен ЕТҰ-ның Сатып алу жоспарлары мен кестелерінің орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының, «Самұрық-Қазына» АҚ, Қоғам мен ЕТҰ нормативтік құжаттарының талаптарын орындауды және Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде рәсімдерді сақтауын қамтамасыз ету;
- негізгі өндіріс үшін жабдықтарды жеткізу бойынша логистиканы үйлестіру және бақылау;
- Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саласындағы ішкі нормативтік құжаттарының әзірленуін және қамтамасыз етілуін бақылау;
- ЕТҰ-дағы тауар-материалдық қорлардың айналымдылығын қамтамасыз ету және бақылау;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қоғам деңгейінде басқарылатын сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеу, бекітілуін қамтамасыз ету және бақылау, іске асыру және іске асырылуына мониторинг жүргізу;
- тәуекелдерді басқару жүйесін, Қоғамдағы және ЕТҰ-дағы ішкі бақылау жүйесін, оның ішінде ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару мен қызметтің үздіксіздігін басқару жүйелері саласындағы іс-шараларды, бақылау рәсімдерін және әдіснамалық базаны әзірлеу/өзектендіру жүйесін қамтамасыз ету және бақылау;
- Қоғамның Директорлар кеңесіне және оның Аудит комитетіне тәуекелдерді талдау туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды барынша азайту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламалардың іске асырылуы туралы мәліметтерді дайындап, ұсыну;
- Қоғамның мен ЕТҰ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) және Ішкі бақылау жүйесін (ІБЖ) жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу мен орындауды қамтамасыз ету және бақылау, ТБЖ мен ІБЖ тиімділігін талдау, ТБЖ мен ІБЖ жұмыс істеу мәселелері бойынша Қоғам ЕТҰ-ларын әдіснамалық қолдау;
- Қоғам компаниялары тобы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жоспарларды әзірлеу мен орындау процесін қамтамасыз ету және бақылау, сондай-ақ үздіксіз қызмет жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау жасау;
- Қоғамның әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру;
- Корпоративтік орталықтың тұрақты жұмыс істеуін, қорларды және қызметкерлерді жиһазбен, электр құралдарымен және басқа да керек-жарақпен қамтамасыз ету процесін тиімді басқаруды қамтамасыз ету және бақылау, сондай-ақ Қоғамның іссапарға жіберілген қызметкерлерінің тұрғын үй жалдау бойынша шығыстарын оңтайландыруға, электрондық құжат айналымы жүйесін жетілдіруге, Қоғамда мемлекеттік тілді енгізу мен дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру процесін үйлестіру және бақылау;
- жобалардың құрылыс және объектілерді пайдалануға беру сатысында іске асырылуын бақылау, оның ішінде құрылыс процестерін орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету, жұмыс жүргізу жоспарларының орындалуын бақылау, бекітілген бюджеттердің сақталуын, сондай-ақ сапа мен техникалық стандарттарға сәйкестікті бақылау, құрылыс сатысының басқарылуын және объектілерді уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету, сонымен қатар бекітілген мерзімдерден, бюджеттен және техникалық шешімдерден ауытқу тәуекелдерін азайту.