
Ивченко Елена Дмитриевна
GR және Дамыиу жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Туған жылы: 1975 жылғы 9 сәуір
Білімі:
1997 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және инфрақұрылымдық басқару» мамандығы бойынша бітірген;
2015 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген;
2021 жылы City Business School бизнес мектебін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (MBA) дәрежесімен бітірген.
Кәсіби біліктілігі:
CAP – Халықаралық кәсіби сертификаттау бағдарламасы;
CIPA біліктілік деңгейі бойынша CAP: Certified Accounting Practitioner – сертификатталған бухгалтер-практик;
IPFM DipIFRS – Ұлыбританияның Кәсіби қаржы менеджерлері институтының «The Diploma in basic competence in IFRS» халықаралық дипломы;
ISM – «Менеджменттің интеграцияланған жүйелерінің ішкі аудиторы» бағдарламасы бойынша сертификаты.
Еңбек жолы:
1997–2008 жж. – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының аға оқытушысы;
2007–2008 жж. – «Промтехмонтаж» ЖШС, инженер-сметашы;
2008–2014 жж. – «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалы, жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисі, өндірістік-техникалық қызметтің жетекші инженері;
2014–2018 жж. – «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС, Бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің бастығы, Бас директордың Экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының м.а.;
2018–2019 жж. – «ШҚ РЭК» АҚ, Басқарма Төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі;
05.2019–10.2019жж.– ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі;
2019 жылғы қазан – 2021 жылғы сәуір – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, Төрағаның орынбасары;
2021 жылғы сәуір – 2022 жылғы мамыр – «Самұрық-Энерго» АҚ, Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директоры;
2022 жылғы маусым – 2023 жылғы тамыз – «Самұрық-Энерго» АҚ, Дамыту, сату және өзгерістер жөніндегі басқарушы директоры;
2023 жылғы тамыз – 2025 жылғы маусым – «Самұрық-Энерго» АҚ, GR, Дамыту және IT жөніндегі басқарушы директоры;
2025 жылғы маусым – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Энерго» АҚ, GR және Дамыту жөніндегі басқарушы директоры.
Функционалдық міндеттері:
– Қоғамның халықаралық кеңестердің қызметіне және іс-шараларға (оның ішінде АЭФ, G-Global, Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі, «Kazenergy» Еуразиялық форумы, Қазақстан-Британ іскерлік кеңесі, Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі және басқа да іс-шаралар) қатысу мәселелерінің пысықталуын бақылау және қамтамасыз ету;
– қазақстандық және шетелдік ұйымдармен (оның ішінде «Kazenergy», «Атамекен» ҰКП, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы (ҚЭҚ), СМК, WEC, IHS, Markit, «Энергетикалық хартия хатшылығы» және т.б) ынтымақтастықты ұйымдастыру және өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
– коммерциялық функцияларды (трейдинг, сату) оңтайландыру және реттеу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру;
– электр энергиясы мен көмірді өткізу бойынша сату нарықтарының жаңа бағыттарын игеруге бағытталған сауда операцияларын жүргізуді қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру;
– еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) жоспарланған электр энергиясы мен көмір көлемдерін өткізуді, сондай-ақ ЕТҰ-ның негізгі қызметінен бюджетке сәйкес жоспарланған кіріс бөлігінің алынуын (жоспарлау және орындау) қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру;
– ЕТҰ-ның тәуліктік кестелерін қалыптастыруды қамтамасыз ету және бақылау;
– электр энергиясы мен қуат нарығын дамыту мәселелері, сондай-ақ Қоғам қызметінің өзге де мәселелері бойынша талдау жүргізуді және ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау;
– Энергияға көшу бағдарламасын қалыптастыруды, өзектендіруді және мониторингтеуді, сондай-ақ энергияға көшу сценарийлерін талдау үшін парниктік газдар шығарындыларының жоспарлы мәндерін есептеуді бақылау;
– басқа елдердің электр энергетикасы нарығының неғұрлым тиімді модельдерін зерделеуді қамтамасыз ету және энергияға көшу жағдайында орнықты даму саласында жаңа шешімдерді іздестіру;
– энергетика саласындағы, сондай-ақ төмен көміртекті даму саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша талдау жүргізуді және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру;
– электр энергиясы мен қуаттың, көмірдің ішкі нарығының, сондай-ақ жақын және алыс шетелдер нарықтарының жай-күйін талдауды қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау және оларды дамыту жөніндегі тиісті ұсыныстарды әзірлеу;
– электр энергиясы мен көмір нарықтарындағы конъюнктураның өзгерістерін талдауды қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау;
– Қоғамның Даму стратегиясы шеңберінде жаңа нарықтарға шығу жөніндегі бастамаларды талдауды қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.