Жапарханов Нұрлан Алтынханұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

 

Туған күні:  26.05.1982 жыл

Білімі:

2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген;

2011 жылы «Тұран» университетін бітіріп, «Заң ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды

Жұмыс тәжірибесі:

09.2023ж.- қазіргі кезге дейін «Самұрық-Энерго» АҚ, Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор

11.2022 – 08.2023 жж. «Qazaq Green Power PLC» жария компаниясы, Басқарушы директор

05.2021 -03.2022 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Басқарушы директор

03.2016-05.2021жж. «Самұрық-Энерго» АҚ,  «Құқықтық қамтамасыз ету» департаментінің директоры

02.2015 – 03.2016жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Заң департаментінің директоры

04.2013 – 02.2015жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, «Заң» департаментінің бас менеджері

11.2012-04.2013жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау» департаментінің бас менеджері

02.2012-11.2012жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің бас менеджері

06.2010-02.2012жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Құқықтық департаментінің бас менеджері

03.2009 – 06.2010жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Құқықтық департаментінің менеджері

05.2008-03.2009жж. «Масло-Дел» ЖШС, заңгер

09.2005-01.2008жж. «Қазтелерадио» АҚ, Шарт бөлімінің меңгерушісі

09.2003 – 09.2005жж. «НарОйл» ЖШС, заңгер.

Атқаратын функциялары:

  • Қоғам мен ЕТҰ құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын бақылау;
  • шарттардың жобаларына және оларға қоса берілетін құжаттарға, Қоғамның бұйрықтары мен өзге де актілерінің жобаларына, Қоғам органдары шешімдерінің жобаларына, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның мүдделеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында сапалы және уақтылы құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету және бақылау;
  •  Қоғам мен ЕТҰ-ның наразылық-қуыным және сот-төрелік жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету мен бақылау, Қоғам мен ЕТҰ-ның сот (төрелік) ұстанымын айқындау (келісім бойынша), сондай-ақ құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау мақсатында соттарда Қоғамның мүдделерін білдіру;
  • орнықты даму саласындағы орнықты дамуды, тәуекелдерді және ІНҚ-ны басқаруды қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қоғамның орнықты дамуы саласындағы басшылықты іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді, өзектендіруді, орындауды және бақылауды қамтамасыз ету және бақылау;
  • Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жөніндегі стратегияны әзірлеуді/өзектендіруді, оның орындалуына мониторинг жүргізуді және бақылауды қамтамасыз ету;
  • Мүдделі тараптардың картасын әзірлеуді/өзектендіруді қамтамасыз ету мен ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тетіктерін айқындау;
  • Қоғамның корпоративтік басқару кодексін және Қоғам мен ЕТҰ-да Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету;
  • Қоғамның Жылдық есебін әзірлеу мен жариялауды үйлестіру және бақылау;
  • GRI жүйесі бойынша есепті дайындау тәжірибесін енгізу;
  • Қоғам мен ЕТҰ корпоративтік басқарудың нысаналы құрылымын құруды қамтамасыз ету;
  • Қоғамда және ЕТҰ-да корпоративтік басқару жүйесін енгізу мен жетілдіруді үйлестіру және бақылау;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның корпоративтік басқару диагностикасын жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның корпоративтік басқару рейтингінің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • Қоғам активтерін оңтайландыру, қайта құрылымдау және қайта ұйымдастыру (ЕТҰ-дағы акцияларды/қатысу үлестерін біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру, қосу, арақатынасын өзгерту), сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын/қатысу үлестерін құру, сатып алу және иеліктен шығару, Қоғамның активтерін тарату жөніндегі іс-шараларды іске асыру, оның ішінде мына көрсетілген бағыттар бойынша Іс-шаралар жоспарларының орындалуын әзірлеу және бақылау;
  • Қоғам активтерін жекешелендіру бағдарламасын іске асыру;
  • активтерді оңтайландырудың, қайта ұйымдастырудың орындылығына бағалау жүргізу;
  • Қоғам активтеріне бағалау жүргізу;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқа да функцияларды орындау.