«Алматы электр станциялары» АҚ

Иелену үлесі: 100%

ales.kz

«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. «АлЭС» АҚ халықты, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарды электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етеді, жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады.

«АлЭС» АҚ «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 23.05.2006 жылғы №92 шешімі негізінде құрылды және 01.06.2006ж. тіркелді (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі 78188-1910-АҚ). Қазіргі уақытта компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының құрамына кіреді. «АлЭС» АҚ-ның ұйымдық құрылымына 8 өндірістік бөлімше кіреді.

Өндірістік департаменттер:

  • 1-ЖЭО — электр және жылу энергиясын өндіру;
  • 2-ЖЭО — электр және жылу энергиясын өндіру;
  • 3-ЖЭО — электр және жылу энергиясын өндіру;
  • Қапшағай СЭС — электр энергиясын өндіру;
  • Каскад СЭС — электр энергиясын өндіру;
  • Батыс жылу кешені (БЖК) — жылу энергиясын өндіру;
  • «Энергоремонт» өндірістік жөндеу кәсіпорыны (ӨЖК) — «АлЭС» АҚ жабдықтарын жөндеу;
  • Отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО) — «АлЭС» АҚ-ның энергия көздері үшін отынды қабылдау және түсіру.

«АлЭС» АҚ-ның акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады — 100% акция.

«АлЭС» АҚ үшін электр мен жылу энергиясын тарату нарықтары Алматы өңірі болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның активтерін басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында АлЭС-тің 100% акциясы Қоғамның тура иелігіне берілді. Негіздеме:«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (2013 жылғы 9 қыркүйектегі №77 хаттама).