«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ

Иелену үлесі: 50%

gres2.kz

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, 1000 МВт белгіленген қуат көлемімен қазақстандық кәсіпорын.

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне сәйкес 2019 жылғы 14 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ акцияларының 50%-ына меншік құқығы тіркелді.

Осылайша, «ЕГРЭС-2 ст.» АҚ-ның акционерлері «Самұрық-Энерго» АҚ (50%) және «Самұрық-Қазына» АҚ (50%) болып табылады.

Екібастұз МАЭС-2 төмендегі негізгі сипаттамалары бойынша жоспарланды:

  • Белгіленген қуаты — 4000 МВт
  • Энергия блоктарының саны – 8 блок бойынша 500 МВт
  • Отын — Екібастұз көмір алабының күлі көп көмірі

Қолданыстағы МАЭС-2 сипаттамалары.

  • МАЭС-2 белгіленген қуаты 1000 МВт құрайды, қолда бары - 940 МВт.
  • «Электросила» К-500-240-4 ЛМЗ + ТВВ-500 турбо агрегаттары мен қазандықтары бар №1, 2 энергия блоктары.
  • 1990 және 1993 жылы Пп-1650-250-545/545 (П-57Р) ЗИО-Подольск пайдалануға енгізілді.
  • №3 энергия блогы үшін бас корпустың құрылыс бөлігінің 70%-ы 1993 жылға дейін орындалды. Инфрақұрылымның бір бөлігі толығымен аяқталды (салқындатқыш көл, суды химиялық тазалау станциясы, іске қосу қазандығы, теміржол инфрақұрылымы бар көмір қоймасы, күл үйіндісі).
  • Станцияны одан әрі даму қажеттігі мен мүмкіндіктері.

МАЭС-2 алаңында жаңа энергия блоктарын салуға объективті қажеттілік пен мүмкіндіктер бар, өйткені:

  • Екі блоктың жұмысы жеткізудің қажетті сенімділігін қамтамасыз ете алмайды;
  • Дайын инфрақұрылымның болуы, отын көздерінің жақын болуы жобаның өндіруші қуаттың  құрылыс жобаларымен салыстырғандағы бәсекелестік басымдығын қамтамасыз етеді.