«БЖЭС» ЖШС

Иелену үлесі: 100%

pves.kz

«БЖЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 жылғы 27 маусымда құрылды. Серіктестік электр энергиясын өндіру, жаңартылатын энергия көдерін пайдалана отырып, объектілерді жобалау мен салу, объектілерді жобалау мен салу бойынша қызметтерді көрсетуде.

«Болашақта қуатын 300 МВт-ға дейін арттыру мүмкіндігі бар қуаты 45 МВт Ерейментау қаласы ауданында (Ақмола облысы) жел электр станциясын салу» жобасын іске асыру аясында 2015 жылғы 14 тамызда ЖЭС 45 МВТ жұмыс комиссиясы Актіге қол қойды:

  • Белгіленген қуаты — 45 МВт
  • ЖЭҚ саны: әрқайсысы 2,05 МВт -22 жел турбинасы
  • ЖЭҚ классы: IEC 61400-1, жел классы 2а (ЖЭС-ті орналастыру алаңының ауа райы ерекшеліктерін ескере отырып).
  • Ротордың түрі: 3 қалақты
  • Желдің ең төменгі жылдамдығы: 3 м/с
  • Желдің номинал жылдамдығы: 12 м/с
  • ЖЭС жұмысы үшін желдің ең жоғары жұмыс жылдамдығы: 25 м/с
  • Ротордың диаметрі: 93 м
  • Мұнара биіктігі: 85 м
  • Мұнара түрі: түтік тәрізді бүгілмелі мұнара
  • Жұмыс температурасы: -40С-ден +40С-ге дейін
  • Өндірісі жылына шамамен 172,2 млн. кВсағ электр энергиясын құрайды.