«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 4000 МВтбелгіленген қуаты бар электр энергиясын өндіру мен бөлуді жүзеге асыратын конденсациялық түріндегі жылу электр станциясын білдіреді. Станцияның негізгі отыны Екібастұз кен орнының тас көмірі болып табылады.
Бүгінде сегіз энергия блогының бесеуі тұрақты жұмыс істеуде және 2500 МВт қуатын өндіре алады.
Қазіргі уақытта кәсіпорында ISO 9001:2000, OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004 үш халықаралық стандарт ендірілді және табысты жұмыс істеуде. 2006 жылғы желтоқсан айында электр станциясы ISO 9001:2000 - Сапа Менеджменті Жүйесі Стандартының талаптарына сәйкес келу халықаралық стандартын алды. 2008 жылғы наурыз айында электр станциясы OHSAS 18001 – денсаулық сақтау және кәсіби қауіпсіздік саласында Менеджмент Жүйесінің Стандарты бойынша және ISO 14001:2004 – қоршаған ортаны қорғау саласында Менеджмент Жүйесінің Стандарты бойынша халықаралық сертификаттарын алды.
2024 жылға қарай ЕГРЭС-1 станциясында №1 энергияблоктын қалпына келтіру және жаңғырту жоспарлануда, ол 4000 МВт жобалық қуатқа жетуге және Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де электр энергиясына үдемелі сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елдегі энергияға тапшылықтың пайда болу қаупін азайтатындықтан және ұлттық экономиканың өсуіне жәрдемдесетіндіктен, жұмыс істемейтін қуаттарды қалпына келтіру Екібастұз ГРЭС-1 үшін экономикалық тұрғыдан мақсатты және Қазақстан үшін қажетті болып табылады.