«Балқаш ЖЭС» АҚ

Иелену үлесі: 100%

samruk-energy.kz

Қазақстан Республикасында2030 жылға дейін электр энергиясын дамыту бағдарламасына сәйкес 2007 жылы 4000 МВт-ға дейін ұлғаю мүмкіндігі бар қуаты 3000 МВт-ға дейінгі Балқаш ЖЭС-ін (Жоба) салу туралы шешім қабылданды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Балқаш ЖЭС-ін салуға арналған алаң Балқаш қаласынан оңтүстікке қарай 200 км қашықтықта, салуға болжанған Оңтүстік Қазақстан МАЭС (ОҚ МАЭС) орнында Алматы облысы аумағында Үлкен кентінде орналасқан.

Балқаш ЖЭС-ін салу негіздемесі Қазақстан халқының 40%-ынан аса тұратын Оңтүстік аймақта электр энергиясына және қуатқа тапшылығымен айқындалады.

Акционером АО «Балхашская ТЭС» является АО «Самрук-Энерго» — 100% акций.

Ағымдағы жағдайы:

  • Жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.