«Самұрық-Энерго» АҚ 2023 жылғы 20 наурызда Қордың Алдын ала біліктілік іріктеу мәселелері жөніндегі комиссиясы білікті әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алынатын «Табиғи газ қолдану арқылы электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі электр станциясын «кілтімен тапсыру» құрылысы бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру» санатын (ТЖҚ БНАЖ коды: 410040.600.000000) бекіткенін хабарлайды. Қолданысқа енгізу мерзімі санат бекітілген күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күнді құрайды.
Тапсырыс беруші «Алматы электр станциялары» АҚ болып табылады.
Бекітілген номенклатурамен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://zakup.sk.kz/#/ext/regulation - «Басқалар» қойындысы - 2023 жылғы 5 маусымдағы ПКО 2.0 номенклатурасы. Жүктелетін файлдағы парақ – «СЭ санаттары».
Біліктілік іріктеуінен өту үшін:
1. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ электрондық сатып алу порталында zakup.sk.kz тіркелу қажет.;
2. Жеке кабинетте таңдалған санат бойынша өтініш беру керек.
ПКО 2.0 өту бойынша бейне нұсқаулықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://zakup.sk.kz/#/ext/regulation – «Бейне нұсқаулық» қойындысы - PKO 2.0 өту туралы бейне нұсқаулық
Әлеуетті өнім берушілердің алдын ала біліктілігін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС жүргізеді.
Номенклатураға енгізілген ТЖҚ бастапқы сатып алуды жүргізу кезінде, егер сатып алу тәсілі ретінде ашық тендер немесе ашық екі сатылы тендер айқындалған болса, сатып алу кемінде 2 (екі) білікті әлеуетті өнім беруші болған кезде ғана білікті әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.
Тапсырыс берушіден қосымша ақпарат алу үшін әлеуетті өнім берушілер өз өтініштерін мына электрондық поштаға жібере алады:
Тапсырыс берушінің байланыс телефоны: +7 (727) 227-70-65 (2065)
Сондай ақ әлеуетті өнім берушілер сұрақтар туындаған кезде өтініштерді мына электрондық поштаға жібере алады
Бұл хабарландыру алдын ала біліктілік іріктеуіне барынша көп әлеуетті өнім берушілерді тарту мақсатында орналастырылып отыр.