«Самұрық-Энерго» АҚ «Медициналық сақтандыру» санаты бойынша сатып алынатын санаттық стратегиясының «ұзақ мерзімді бастамаларын» іске асыру аясында 2020 жылғы 16 наурызда сағат 14:00-де сақтандыру ұйымдарының қатысуымен бәсекелестік келіссөздер жүргізу жолымен тендер өткізу жоспарланғаны туралы хабарлайды.
Бірақ Қазақстан Республикасында Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, әлеуетті өнім берушілерге келіссөздер күнін белгісіз мерзімге ауыстыру туралы хабарлама жолданды.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, бейнеконференция байланысы арқылы бәсекелестік келіссөздерді Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 2020 жылғы 15 мамырда сағат 10:00 өткізу жоспарланатындығы туралы қосымша хабарлаймыз. Толық ақпарат Сізге Ауырған жағдайда медициналық сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу жөніндегі сатып алу құжаттамасымен қоса жолданатын болады.
Барлық сұрақтар бойынша келіссөз тобының хатшысы А.К.Бектановаға - 8 (7172) 692443, санаттық менеджер С.М.Құрмановқа - 8 (7172) 692399 және санаттық менеджер М.А.Молдағалиевке - 8 (7172) 692423 телефондары бойынша хабарласу қажет.