«САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!»

"Самұрық-Энерго" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қор деңгейінде "Медициналық сақтандыру" санаты бойынша сатып алу санаттық стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) «ұзақ мерзімді бастамаларын» іске асыру аясында 2020 жылға арналған қажеттілік бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС үшін осы санат бойынша қызметтердің әлеуетті өнім берушілерін айқындау мақсатында сақтандыру ұйымдарының қатысуымен сырттай келіссөздер жүргізу жоспарланатындығын хабарлайды.

Алдағы сырттай келіссөздерге рұқсат алу мақсатында өнім берушілер Қоғамға сатып алу құжаттамасына сәйкес құжаттарды жіберуі қажет. Сырттай келіссөздерге қатысу үшін баға ұсыныстары бар өтінімдерді ұсынудың соңғы күні: 2020 жылғы «4» қыркүйек, Нұр-сұлтан қ. жергілікті уақыты бойынша сағат 10:00-ге дейін.

Баға ұсыныстарын қабылдаудың соңғы күнінен кейін келіссөздер тобы Сатып алу құжаттамасының көрсетілген талаптарына сәйкес сырттай келіссөздер рәсімін жүзеге асыратын болады. Ұсынылған құжаттаманы қарау нәтижелері бойынша сырттай келіссөздер қорытындыларының хаттамасына қол қойылады және бұл ақпарат әлеуетті өнім берушілерге қосымша хабарланатын болады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды алу үшін сырттай келіссөздерге қатысу үшін іріктеуден өту мақсатында Холдинг тобына кіретін ұйымдарға ауырған жағдайда медициналық сақтандыру қызметтерін көрсету мүмкіндігі туралы сұрау салуды мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған..

Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады  

 +7 7172 69 23 99.