«Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қор Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 18/20 шешімімен бекітілген, басқарылуы Қор деңгейінде жүзеге асырылатын «IT бағдарламалық жасақтама» санаты бойынша сатып алу санаттық стратегиясын (бұдан әрі - Стратегия) іске асыру аясында 2021-2023 жылдарға арналған ұзақ мерзімді қажеттілік бойынша Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының мұқтаждықтары үшін бәсекелес келіссөздер қолдану жолымен тендер тәсілімен сатып алуға рұқсат беру мақсатында электрондық құжат айналымы жүйесінің вендоры мәртебесі бар әлеуетті өнім берушілердің қатысуымен алдын ала біліктілік іріктеуді (бұдан әрі - АБІ) өткізу жоспарланғанын хабарлайды.
АБІ-ге қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және осы хатқа қосымшаға сәйкес АБІ рәсімін жүргізу тәртібінде көрсетілген іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін ұйымдарға рұқсат етіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің құжаттар топтамасы түріндегі өтінімдері Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 15А, "Q" бизнес орталығы, Б блогы, 3-қабат мекенжайы бойынша Қоғамға жіберілуі тиіс, сондай-ақ қағаз нұсқасындағы өтінімге ұқсас электрондық нұсқасы 2021 жылдың «11» қаңтар, Нұр-Сұлтан қ. жергілікті уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін
Барлық сұрақтар бойынша
Қосымша: электрондық құжат айналымы жүйесінің әлеуетті өнім берушілерін алдын ала біліктілік іріктеу тәртібі 79 парақта.