«Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Өнеркәсіптік химия» санаты бойынша тауардың номернклатурасына қарай: реагенттер (HELAMIN 906H) пилоттық сатып алу санаттық стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) іске асыру аясында Холдинг тобына кіретін еншілес ұйымдардың 2021-2023 жж. қажеттіліктеріне орай аталған санат бойынша әлеуетті жеткізушілерді анықтау мақсатында бәсекелес келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Алда болатын бәсекелес келіссөздерге рұқсат алу мақсатында өнім берушілер Қоғамға құжаттарды Стратегияда белгіленген талаптарға сәйкес әзірленген іріктеу критерийлеріне сай жолдауы қажет. Бәсекелес келіссөздерге қатысу үшін Өтінімдер берудің соңғы күні: 2021 жылғы «25» қантар, Нұр-Сұлтан қ. жергілікті уақыты бойынша сағ. 11:00-ге дейін.
Ұсынылған құжаттаманы қарау нәтижелері бойынша бәсекелес келіссөздерге рұқсат беру хаттамасына қол қойылып, аталған ақпарат әлеуетті өнім берушілерге жолданады.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды алу үшін
электрондық мекенжайға сұрау жолдау қажет.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласу қажет: +7 7172 69 23 34.