ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!

 «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қор деңгейінде пилоттық санаттық сатып алу стратегиясын (бұдан әрі - Стратегия) «Арнайы киім» санаты бойынша іске асыру шеңберінде 2021 жылғы қажеттілікке сәйкес Холдинг тобына кіретін еншілес ұйымдар үшін осы санатқа әлеуетті жеткізушілерді анықтау мақсатында бәсекелі келіссөздер өткізу жоспарланғанын хабарлайды.

Алдағы бәсекелі келіссөздерге рұқсат алу үшін жеткізушілер Қоғамға Стратегияда көрсетілген талаптарға сай әзірленген іріктеу критерийлеріне сәйкес құжаттарды жіберуі керек. Бәсекелі келіссөздерге қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі 2021 жылғы 18 маусымда, Нұр-Сұлтан қ. жергілікті уақыты бойынша сағат 13: 00-ге дейін болады.

Арнайы киімнің үлгілерін 2021 жылғы 18 маусымда күнгі сағат 13: 00-ден кешіктірмей Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі - ЕТҰ) мекенжайына жіберіу керек. ЕТҰ техникалық сарапшыларының мекен-жайлары мен байланыс деректері Сатып алу құжаттамасында көрсетілген.

Өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін келіссөз тобы конверттерді ашу рәсімін жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша бәсекелі келіссөздерге қатысуға жіберу хаттамасы жасалып, әлеуетті жеткізушілерге жіберіледі.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефон арқылы байланысуға болады:  +7 7172 69 23 34.