Жылыту маусымына дайындық: Самұрық-Энерго ауқымды жөндеу науқанын жүзеге асыруда

«Самұрық-Энерго» АҚ алдағы жылыту маусымына энергетикалық нысандарды жүйелі түрде дайындауды жалғастыруда. Жөндеу науқаны 2026 жылдың қаңтар айында басталып, бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. 

Биыл топтың энергетикалық нысандарында негізгі жабдықтарға қатысты 111 жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде:

  • 11 энергоблок 
  • 14 турбоагрегат 
  • 51 қазандық агрегат 
  • 33 гидроагрегат 
  • 2 жылу магистралі учаскесі.

Жөндеу жұмыстары негізгі өндірістік қуаттарды қамтып, ең жоғары жүктеме кезеңінде энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда жоспарланған жөндеу жұмыстарының шамамен 45%-ы аяқталды. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда және белгіленген мерзімде толық аяқталады. Жөндеу жұмыстарының орындалу барысы тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар биыл 187,4 км кабельдік желілерді, 2030 км әуе электр желілерін, 212 қосалқы станцияны, 1220 трансформаторды және 1000 тарату пунктін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауқымды жөндеу бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру жабдықтардың сенімділігін арттырып, энергетикалық инфрақұрылымның күзгі-қысқы кезеңге дайын болуын қамтамасыз етеді.

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы: Самұрық-Энерго электр энергиясын өндіру және жеткізу көлемдерін арттырды

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ тұрақты өндірістік нәтижелер көрсетіп, негізгі көрсеткіштерді сенімді түрде орындады. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемі жоспардағы 11 388 млн кВтсағ орнына 11 420 млн кВтсағ құрады.

Жылу энергиясын босату көлемі жоспардағы 2 475 мың Гкал орнына 2 560 мың Гкал құрап, жоспар 103%-ға орындалды.

Көмір өндіру көлемі 11 925 мың тоннаны, ал көмір өткізу көлемі 12735 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар, электр энергиясын жеткізу көлемі 2 704 млн кВтсағ, ал өткізудің көлемі 2 650 млн кВтсағ құрады. Екі көрсеткіш те 103% деңгейінде орындалды.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері компанияның тұрақты қызметін және өндірістік жоспарлардың тиімді орындалуын көрсетеді.

2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының электр энергиясын өндіру көлемі 40436,3 млн кВтсағ құрады. Электр энергияның өндіруі 2024 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға ұлғайды

2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының электр энергиясын өндіру көлемі 40436,3 млн кВтсағ құрады. Электр энергияның өндіруі 2024 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға ұлғайды.

Самұрық-Энерго 2025 жылы отандық өндірушілермен 25,8 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасасты

«Самұрық-Энерго» АҚ жергілікті тауар өндірушілермен офтейк-келісімшарттардың көлемін 2,5 есеге арттырды. 2025 жылы компаниялар тобы жалпы сомасы 25,8 млрд теңгеге 26 офтейк-келісімшарт жасасты. 2024 жылы 10,2 млрд теңге сомасына 41 офтейк-келісімшарт жасалды.

Сатып алудағы жергілікті қамту үлесі де артты. 2025 жылы шамамен 80% елішілік құндылық үлесімен 200 млрд теңгеге жуық сомаға тауарларды жеткізу бойынша шарттар жасалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ отандық өндірісті қолдауды және жергілікті тауар өндірушілермен әріптестікті нығайтуды жалғастыруда.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік көрсеткіштері тарихи ең жоғары деңгейге жетті

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорындарының электр энергиясын жиынтық өндіру көлемі 40,4 млрд кВт•сағатты құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы деңгейден 2%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Компания Қазақстанның электр энергиясы нарығында көшбасшылық позициясын нық сақтап келеді: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның үлесі шамамен 33%-ды құрайды.

Есепті кезеңде жылу энергиясын өндіру 7,2 млн Гкал құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артық.

Көмірді өндіру мен сату да тұрақты өсуді көрсетті. «Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндіру көлемін 2024 жылмен салыстырғанда 6%-ға арттырып, көрсеткішті 45,3 млн тоннаға жеткізді. Көмір сату 44,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға жоғары.

«АЖК» АҚ электр энергиясын беру көлемі 9,9 млрд кВт·сағ жетті, бұл 2024 жылғы деңгейге қарағанда 7%-ға өсімді көрсетті. «Энергосбыт» АЖК филиалының электр энергиясын өткізу көлемі 10%-ға ұлғайып, 9,6 млрд кВт·сағ құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі өндірістік көрсеткіштерді арттырды

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорындарының электр энергиясын өндіруінің жалпы көлемі 2025 жылдың тоғыз айында 29,4 млрд кВтсағ құрады, бұл жоспарлы мәннен 1,3%-ға артық және 2024 жылдың 9 айындағы нақты көрсеткіштен жоғары.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қазақстанның электр энергиясы нарығындағы үлесі көшбасшылық орында қала береді және 32,7%-ды құрайды.

2025 жылғы қаңтардан қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде жылу энергиясын босату 3,7 млн Гкал құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 5%-ға жоғары.

Көмірді өндіру мен сату да өсуді көрсетті. «Богатырь Көмір» ЖШС 32 165 мың тонна көмір өндірді, бұл 2024 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 3,1%-ға артық. Көмір өткізу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға ұлғайып, 31 885 мың тоннаға жетті.

«АЖК» АҚ-ның электр энергиясын беру көлемі 7,3 млрд кВтсағ құрады, бұл жылдық жоспардың 75%-ын құрайды және 2024 жылғы тоғыз айдағы көрсеткіштен 8%-ға артық.

АЖК «Энергосбыт» филиалының электр энергиясын өткізу көлемі 7,25 млрд кВтсағ құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артық.

 

Богатырь Көмір 2025 жылдың I тоқсанында көмір өндіру және оны жөнелту көлемін ұлғайтты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанның көмір саласы сенімді өсім көрсетіп отыр. 2025 жылғы қаңтар-наурызда елімізде 28,5 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% - ға артық.
«Богатырь Көмір» ЖШС осы оң динамикаға елеулі үлес қосып келеді. 2025 жылдың бірінші тоқсанында компания өндіру көлемін 12,4 млн тоннаға дейін ұлғайтты, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 6,8% - ға артық. 
Көмірді сату да өсуде: үш айда 12,4 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл - өткен жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 2,8% - ға артық. Осы көлемнің 9,9 млн тоннасы ішкі нарыққа, тағы 2,5 млн тоннасы экспортқа бағытталды.
Көмірді өндіру мен өткізу көлемінің өсуі компанияның тұрақты дамуын және оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін растайды.