«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Бас директоры қызметіне Еділ Көпенов тағайындалды.
Еділ Құдайбергенұлы Көпенов 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1994 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2002 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және 2011 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1992 жылы «Азияторгсервис» кәсіпорнының коммерциялық бөлімінің менеджері, кейін коммерциялық директоры болып бастаған.
Әр жылдары энергиямен жабдықтаушы, электр желілік және энергия өндіруші ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған: «Талдықорған АЭС» ААҚ, «Үштөбе АЭС» ААҚ, «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілік компаниясы» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «СевКазЭнерго Петропавловск» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан Энергоорталығы» ЖШС, «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Астана-ЕРЦ» ЖШС.
2016 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» (ЭҚНҚО) АҚ-ның Басқарма Төрағасы, кейіннен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болып жұмыс атқарды.
Соңғы лауазымы: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС- нің бас директоры.