Дүниежүзі бойынша ірі көмір кесіктерінің бірі «Богатырь» кесігінде технологиялық процесстерді автоматтандыру шеңберінде «Диспетчерлік басқару жүйесін автоматтандыру» (ары қарай ДБЖА) жобасы сәтті іске асырылды.
Өндірісте ДБЖА жүйесін енгізу көмірді сыртқа шығарудың автокөлік-конвейерлік технологиясына өту бағдарламасы аясындағы бірқатар талаптарды орындайды. Олардың негізгілері: арнайы техникалар (карьерлік автосамосвалдар, бульдозер, экскаваторлар) жағдайының толық анализін жасау, тау массасын тасымалдауды автоматты түрде бақылау және «Богатырь Көмір» ЖШС-нің басшылығы мен қызметкерлеріне есеп беру.
Аталған жобаны іске асыруға 2,5 жылдай уақыт кетті. 2019 жылдың қазанында жұмысөлшеуіш құрылғылары мен бірқатар санақ құралдарын арнайы техникаға орнату жұмыстары басталған еді. Бұл шаралар 2021 жылдың шілдесінде аяқталып, көрсеткіштердің мониторингі басталған.
Бір жылдық ДБЖА сараптамалық қорытындысы бойынша, бір автосамосвалдың жүк айналымы 8,93%-ға өскені байқалады. Бұл көрсеткіш осындай үш автосамосвалдың жұмысымен тең. (анықтама үшін: бір автосамосвал құны ~ 2 млн $). Сондай-ақ, аталған техниканың жанармай шығыны 2,5%-ға азайған.
Осылайша, ДБЖА жобасын енгізу – жүйелендірілген цифрлық өндірістің құрылуына жасалған алғашқы қадам болып табылады.
Төменде берілген диаграммада жүк айналымының өсуі мен жанармай шығынының төмендеуі көрсетілген.