Самұрық-Энерго қызметкерлері Түркістанда өткен жастар форумына қатысты
Биыл 24 қазан – 2 қараша аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша белсенді, ынталы қызметкерлерді анықтау мақсатында Қор жас мамандарға арналған 10 күндік челлендж өткізген болатын.
Соның қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» компаниялар тобынан, атап айтқанда «АлЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Energy Solutions Center» ЖШС білдірген 31 қатысушы қазанның 10 - 13 аралығында Түркістан қаласында өткен жастар форумына шақырылды.
«Форум өте қызықты, сапалы мазмұнды болды! Сондықтан болар 3-4 күн тез өте шықты. Көңіл-күйіміз өте жақсы. Пайдалы білім мен қатар жаңа достық қатым-қатынастар орнатып қайттық, - деп форумнан алған әсерімен «АЖК» АҚ «Серіктес» жергілікті кәсіподағы» төрағасы Сабыржан Қали бөлісті.
Форум бағдарламасы шеңберінде біздің жастар ұжымдық жұмыс, қоғам алдында сөз сөйлеу шеберлігі сынды тақырыптарда пайдалы ақпарат алды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған квест ойындары аясында арнайы жасақталған этноауылға барып, киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар әзірледі. Тарихи-танымдық және өлкентану тақырыбында ақпарат алып, садақ ату, теңге ілі, асық ату, арқан тарту сынды ұлттық ойындардан жарысқа түсті.
«Форум бір деммен өте шыққандай болды, өз басым біраз толғандыратын сұрақтарға жауап алдым. Бір бағытта еңбек етіп жүргендер қаншалықты үйлесімді әрекет есте, жұмыстың нәтижесі соншалықты жоғары деңгейде болады. Ал ол үшін бізге берілген барлық мүмкіндіктерді толыққанды пайдалануымыз қажет. Әрекет түбі – берекет! – дейді «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қашықтықта қызмет көрсету жөніндегі департаментінің директоры Чингиз Жүйріков.
Форумның соңғы бөлігінде қатысушылар жастар саясатын дамыту мәселелерін талқылады, жастар ұйымының құндылықтары мен қағидаттарын анықтап, өз ұсыныстарын білдірді.