«Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық ірі электр энергетикалық холдингінің кәсіпорындарында 16 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның 15 мыңнан астамы - өндірістік персонал. Сондықтан объектілерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру компанияның негізгі құндылықтарының қатарына кіреді және оның орнықты дамуының негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Қауіпсіз және салауатты еңбек болашағы» («Безопасное и здоровое будущее труда») тақырыбында өндірістік қауіпсіздік бойынша II жыл сайынғы форумы өтті. Форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов: «Форум Қор тобы қызметкерлерінің әрқайсысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық портфельдік компаниялардың ортақ күш-жігерін біріктіру үшін ұйымдастырылды», - деп ерекше атап өтті. Өз кезегінде, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов өткен жылдың соңында Қор 3 бағыт бойынша 38 нақты іс-шарадан тұратын 2023 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін хабарлады:
1. Адамдар және қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін көтеру;
2. Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3. Төтенше жағдайлардың алдын алу.
«Портфельдік компаниялардағы өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру және жарақаттану мен апаттардың алдын алуға бағытталған іс - шараларды іске асыру процесі Қордың тұрақты бақылауында», - деді Ғ.Ауғанов.
Форумның «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасының 7 алтын ережесін енгізу» атты жеке панельдік сессиясына «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының бірінші басшылары қатысып, жұмыскерлердің өндірістік қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге қатысты ой-пікірлерін бөлісті.
Осы сессия аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов «Біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту» - тұжырымдамасының маңызды ережелерінің біріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Қ.Мақсұтовтың айтуынша, біліктілікті арттыру және дағдыларды жетілдіру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-да кең ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Мысалы, компанияның және оның еншілес ұйымдарының жоғары басшылығын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне тарту мақсатымен жыл сайын халықаралық сертификатталған жаттықтырушыларды шақыра отырып, инфосессиялар (оқыту) өткізіледі. Бекітілген жоспарлар шеңберінде компанияда NEBOSH (Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі халықаралық сертификаттау) (Ұлыбритания) халықаралық курстары бойынша еншілес компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін бірінші басшылар мен басшылар үнемі оқу курстарынан өтеді. Қазіргі уақытта 8 басшы осындай оқытудан өтті, биыл тағы 15 жоғары буын қызметкерлерін және еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлерін оқыту жоспарланған. Сонымен қатар, тоқсан сайын «Қауіпсіздік мәдениетінің негіздері мен рөлі» тақырыбы бойынша компанияның кәсіпорындарында ішкі жаттықтырушылар оқыту курстарынан өтеді. Бүгінгі таңда Қайрат Мақсұтов атап өткендей, бұл бағдарлама бойынша 10 мыңнан астам инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмысшы мамандықтарының қызметкерлері оқытылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ «Қауіпсіздік және еңбектің салауатты болашағы» («Безопасное и здоровое будущее труда») өндірістік қауіпсіздік жөніндегі II жыл сайынғы форумының жұмысына халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысып, еңбекті қорғау саласындағы әлемдік жетістіктер туралы мәліметтермен бөлісті.
«Vision Zero» немесе «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы – өндірістің барлық деңгейлеріндегі қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және жұмысшылардың әл – ауқаты секілді үш бағытты біріктіретін профилактиканы ұйымдастырудың сапалы жаңа тәсілі.