Қазіргі уақытта Астана қаласында Expo Конгресс орталығында жыл сайынғы XV KAZENERGY Kazakhstan Energy Week – 2023 (KEW-2023) Еуразиялық форумы өтеді.
Осы форум аясында ағымдағы жылдың 3 қазанында ТМД елдерінің (Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) Энергетика вице-министрлерінің қатысуымен «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ТМД Электр энергетикалық кеңесі Атқарушы комитетінің жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел отырысы өтті. Сондай-ақ, аталған отырысқа «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Б.Мақсұтов қатысты.
Дөңгелек үстел отырысы тікелей байланыс форматында өтті, онда тараптар энергетикалық қауіпсіздік, оның ішінде қазба энергия көздерін, ЖЭК, су-энергетикалық ресурстарды экологиялық жауапкершілік тұрғысынан пайдалану саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Талқылау барысында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Б.Мақсұтов Самұрық-Энерго өзінің он жылға арналған Даму стратегиясында энергия қауіпсіздігі шеңберінде өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді, сондай-ақ Компанияның төмен көміртекті дамуға көшетінін ескеретінін атап өтті.
Сонымен қатар, көміртегі ізін азайту мақсатына жету мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын ескере отырып, көміртексіздендіруге әбден елеп-екшелген салмақты ұстаныммен келу және біртіндеп көшу қажет екенін айтты.
Сондай-ақ, Қ.Б.Мақсұтов Самұрық – Энергоның 2030 жылға дейінгі жоспарларымен бөлісті, оның шеңберінде жиынтық қуаты 10 ГВт – ға дейінгі ауқымды энергетикалық жобаларды іске асыру жоспарлануда (оның ішінде тек 3 ГВт – көмір генерациясы, 1 ГВТ – газ генерациясы және 6 ГВт ЖЭК (1 ГВТ- КЭС және 5 ГВТ ЖЭС)).
Сондай-ақ, Самұрық-Энергоның мемлекет атынан Қырғыз Республикасында Қамбарата СЭС-1 құрылысы жобасын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйым болып белгілегенін, оның негізгі мақсаты біздің еліміз үшін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік облыстарын сумен жабдықтаудың тұрақтылығын арттыру болып табылатынын айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша елдердің электр энергетикасы саласындағы өзара тиімді іс-қимылы атап өтілді және жоғарыда аталған бағыттардағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.