Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Халықаралық экономикалық форум аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Электр энергетикалық кеңесінің (ТМД ЭЭК) кезекті 64-отырысы өтті.
ТМД ЭЭК айналысатын қызметтің негізгі бағыты – нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру және жетілдіру арқылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы құқықтық кеңістігін құру.
ТМД ЭЭК-нің мақсаты – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы жүйелері бірлестігінің тиімді жұмыс істеуі негізінде мемлекеттердің экономикасы мен халқын электр энергиясымен тұрақты әрі сенімді түрде жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған электр энергетикасы саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен және үйлестірілген іс-қимылдарын жүргізу болып табылады.
Отырысқа ҚР Энергетика министрі А.М.Сәтқалиев, РФ Энергетика министрі С.Е. Цивилёв, ТМД елдерінің министрлері мен орынбасарлары, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Б.Мақсұтов, ТМД ЭЭК Атқарушы комитетінің төрағасы Т.В.Купчиков, ТМД Бас хатшысының орынбасары Д.А.Трефилов, сондай-ақ ИнтерРАО, Росатом, РусГидро және т. б. компаниялардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында ТМД ЭЭК-нің Президентін сайлау туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ маңызды және өзекті мәселелер аясында келесі баяндамалар тыңдалды:
➢ Электр энергетикасын дамытудың заманауи үрдістері, интеграцияның артықшылықтары. Өнеркәсіптік әлеует;
➢ Ірі мегаполистер мен қала агломерацияларын энергиямен жабдықтауды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері;
➢ Елдер мен жекелеген компаниялардың климаттық міндеттемелерін орындау бағытындағы атом энергетикасының әлеуеті, өндірістік тізбектерді дамыту;
➢ СЭС су қоймаларының сіңіру қабілетін зерттеу. ТМД елдерінде СТО ұйымының «Пайдаланылатын гидроэнергетикалық объектілердің тұрақты даму критерийлеріне сәйкестігін бағалау жүйесі» стандартын тарату;
➢ Климаттық қауіптер. Сәйкестендіру, бағалау және бейімделу шаралары.
Отырыс қорытындысы бойынша ТМД ЭЭК қатысушылары 2024 жылғы желтоқсанда ТМД ЭЭК-нің келесі 65-отырысын өткізу туралы шешімді қолдады.