Корея Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақстан-Корея бизнес-форумында«Самұрық-Энерго» АҚ Doosan Enterbility және KEPCO Plant Service and Engineering компанияларымен өзара түсіністік туралымеморандумға қол қойды.
Тараптар серіктестік шеңберінде Екібастұз 1-МАЭС, Екібастұз 2-МАЭС және АлЭС-те түтінді газдарды тазарту жөніндегі жобалардыбірлесіп іске асыру туралы ниет білдірді.
Doosan Enterbility – атом электр станцияларын салуға, жылу электр станцияларын, турбиналарды, генераторлар мен тұшытуқондырғыларын шығаруға маманданған Оңтүстік Корея компаниясы.
KEPCO Plant Service and Engineering – энергетикалық кәсіпорындарға арналған кешенді шешімдерді әзірлеумен айналысатын KEPCO-ның еншілес компанияларының бірі. Сонымен қатар ол электр станцияларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету, диагностика мен өнімділікті арттыруға бағытталған қызметтерді ұсынады.