2-ЖЭО-да жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр

2-ЖЭО-да жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр

Алматыдағы ең ірі А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да бекітілген кестеге сәйкес жөндеу науқаны қызу жүріп жатыр. Ол ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарды қоса алғанда, станцияның турбиналық агрегаттары мен қазандық агрегаттарындағы жөндеу жұмыстарының едәуір көлемін қамтиды.
 
«Қазіргі кезде үш турбиналық агрегат пен үш қазандық агрегатына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Энергожөндеу» ӨЖК персоналының күшімен 2 қазандық агрегат, 3 турбиналық агрегат және 5 трансформатор жөндеуден өтті. №2 ст. қазандық агрегатында жылыту беті учаскелері, темірбетонды құбырлардың плиталары ауыстырылды», - деп атап өтті станцияның бас инженері Абзал Жақыпбаев.
 
Қазір 2 қазандық агрегаты мен 1 турбиналық агрегатқа жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар жөндеу науқаны аяқталғанша тағы үш қазандық агрегат пен бір турбиналық агрегатты жөндеу жоспарлануда. Олар 2-ЖЭО жабдықтарының сенімділігін арттыруға және алдағы жылыту маусымында станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.