Алатау Жарық Компаниясында жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр

Алатау Жарық Компаниясында жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жөндеу жұмыстарының барысын тексерді 

2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстарының орындалуын тексеру аясында Комитеттің аумақтық департаменті қызметкерлері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның нысандарына барды. 

Мониторинг барысында Департамент қызметкерлері жөндеу науқанының барысымен танысты. Сонымен қатар электр энергиясын жеткізуші компанияның басшылығымен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. 

Ағымдағы жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алматы облысы бойынша 123 км. электр беру желілерін, 7 қосалқы станцияны, 124 трансформаторды және 75 тарату пунктін күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. 

Жөндеу жұмыстарымен айналысатын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бригадалары арнайы киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен, автокөліктермен және арнайы техникалармен толық жабдықталған. Жөндеу жұмыстарына 234 қызметкер мен 44 техника жұмылдырылды.  

 

Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайты