«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

 «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры болып Гүлжан Исламова тағайындалды. Компанияның бұрынғы басшысы Еділ Көпенов Самұрық-Энерго компаниялар тобындағы басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметінен кетті.   

Жаңа бас директорды «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ұжымына «Самұрық-Энерго» АҚ GR, даму және IT жөніндегі басқарушы директоры Елена Ивченко таныстырды.   

Гүлжан Исламова Жетісу экономикалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қаласы аудандық сату бөлімшесінің операторы қызметінен бастаған. 

Әр жылдары Алматы облысы бойынша сату қызметінің жетекші маманы, бас маманы, сату қызметінің және энергоресурстармен қамтамасыз ету орталық қызметінің бас маманы болып жұмыс істеді. 

2015-2023 жылдар аралығында Алматы қаласының №4, №3, №7 Энергосбыт аудандық бөлімшелерінің басшысы қызметін атқарды. 

Гүлжан Исламова бас директор қызметіне дейін “АлматыЭнергоСбыт” ЖШС-нің сату жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.